Абай облысыДенсаулықҚоғамҚұрылысТОП

Абай облысының Ақсуат ауданында 9 медициналық нысан бой көтермек

Ақсуат ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында аймақтағы маңызды деп саналатын көше жолдары жөнделуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ауданға қарасты Екпін ауылында Жанболат пен Солтанғазы Бәдікамал көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 115 млн 500 мың теңге қаражат бөлінген. Жұмысқа жауапты «SKS Build Invest» ЖШС компаниясы.

Алдағы уақытта халық жағдайын жақсарту, өлкенің инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірнеше жоба іске асырылмақ. Мәселен, ауданда заман талабына сай 9 медициналық нысан бой көтереді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында Үштөбе, Екпін ауылынан дәрігерлік амбулатория, Кіндіктіден фельдшерлік-акушерлік пункт, Мүрсәлім, Қызылжұлдыз, Көктүбек, Ескісұлутар, Айнабастау, Ақжал елді мекендерінде медициналық пункт салыну жоспаланып отыр.

Қазіргі таңда елді мекендерде салынатын емдеу мекемелерінің жері белгіленіп, топырақ сынамасы алынуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button