Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Аягөз ауданындағы ауылдардың жолдары жөнделуде

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында биыл Аягөз ауданының бірнеше елді мекенінде автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, сапасы бірнеше есеге артқан, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, бағдарлама аясында Аягөз ауданынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан Қарағаш ауылдық округінде ұзындығы 1,9 шақырым болатын ауылдың ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жасалған келісімшарт бойынша жұмысты «Зайсан Дорстрой» ЖШС мердігер компаниясы атқаруда. Жалпы жолға бөлінген қаражат 95,0 миллион теңгені құрайды.

Қазіргі уақытта жұмыстың 90% тәмамдалған. Жауапты мамандардың айтуынша, жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында толықтай аяқталмақ.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button