Семей медициналық университетіне 70 жыл
Биыл ұлт денсаулығын нығайтуда, дәрігерлер даярлауда дара жолы қалыптасқан Семей медициналық университетіне 70 жыл толып отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бүгін Медицина университетінің 70 жылдық мерейтойына ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Қала басшысы Медицина университетінің профессоры Талғат Хайбуллинға және кардиология бөлімінің меңгерушісі Анис Бекишоваға «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, оқу орнының бірқатар қызметкеріне алғыс хаттар табыстады.
“Құрмет пен алғысқа бөленген, Гиппократ антын қабылдап, ақ халатты абзал жандарды даярлалайтын бірегей білім ордасы 70 жыл ішінде 30 000- нан астам маманды даярлап шығарды. Бүгін де олар алыс-жақын шет мемлекеттермен қатар Қазақстанның әр түкпірінде адам жанының арашасы болып қалтқысыз қызмет етуде. Тарихы мен тағылымы мол оқу орнының өскелең ұрпақ тәрбиелеуге сіңірген еңбегі зор”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Semeynews.kz