Семейде қазіргі уақытта қаланың сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аптада Чехов, Аймауытов, Найманбаев және Уәлиханов көшелеріндегі жолдар мен тротуарларда жөндеу жұмыстары басталды. Бұған дейін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов темір конструкцияларды алып тастауға және Орталық базар ауданындағы ескі жарнамалық плакаттарды алып тастауға бұйрық берген болатын.
Бүгіндері бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Рұқсатсыз орнатылған дүңгіршек пен темір қоршаулар алынып тасталуда.
Қала әкімшілігі “СМОКК”, “Мереке”, “Нұр”, “Жансая”, “Северный”, “База-Р” базарларында сауда өкілдеріне арнайы орындар бөлгенін атап өткен жөн.
Semeynews.kz