Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысының тұрғындарынан заңсыз сақталған қарулдар тәркіленді

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ шеңберінде өңір полицейлері заңсыз сақталған қаруды тәркілеуге бағытталған іздестіру іс-шараларын жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жарма ауданының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғыннан заңсыз сақталған қаруды тәркіледі.

Ауылдық округтердің бірінде тұрғылықты жері бойынша кідіріссіз тінту жүргізу кезінде 67 жастағы тұрғыннан тұрғын үйден заңсыз сақталған “ТОЗ-8” бір оқ-дәрілі мылтық және оның 20 патроны табылып, тәркіленді.

Маманның қорытындысына сәйкес тәркіленген зат мылтық атыс қаруы болып табылады, атап айтқанда, 5,6 мм калибрлі “ТОЗ-8” моделіндегі мылтық зауыттық тәсілмен жасалған. 20 дана мөлшеріндегі патрондар 5,6 мм калибрлі сақиналы тұтану патрондары, 5,6 мм калибрлі спорттық-аңшылық ойық атыс қаруы атуға арналған, яғни тиісті калибрлі көрсетілген және басқа да қару түріне арналған оқ-дәрілер болып табылады.

Сондай-ақ, Бесқарағай ауданының тұрғыны жедел ақпарат бойынша тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Бесқарағай ауылында тұрғылықты жері бойынша кідіріссіз тінту жүргізу кезінде жергілікті тұрғыннан тұрғын үйден заңсыз сақталған “ООП-СКС” бір оқтаулы мылтығы табылып, тәркіленді.

Баллистикалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген қару зерттеуге ұсынылған оқ-дәрілерді атуға жарамды мылтық атыс қаруы болып табылады.

Көрсетілген фактілер бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі “Атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру”бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полицейлер заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды өз еркімен тапсырған азаматтарға, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button