Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.
Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр.
Осы сапар аясында Президенттер шағын құрамда келіссөздер жүргізді.
Сондай-ақ Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді.
Президенттер Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты.
Semeynews.kz