Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Марапаттау рәсіміне облыс әкімдігінің өкілдері мен республикалық конкурс лауреаттары қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков облыс әкімінің атынан лауреаттарды құттықтап, отбасылық құндылықтарды ұлықтайтын бұл байқаудың маңызы ерекше екенін атап өтті.

  • “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қош келдіңіздер. Он жылдық тарихы бар бұл байқау “отбасы” деп аталатын шағын мемлекет үшін ерекше орын алады. Республикалық байқаудың лауреттары отбасы институтының құндылықтарын дәріптеп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болатыны анық, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Байқау лауреаттарына облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың атынан ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Конкурстың облыстық кезенінің үздіктері Аягөз ауданының Досумбаевтар жанұясы 500 мың теңгелік сертификатты жеңіп алды. Жеңімпаз атанған бұл отбасы байқаудың республикалық кезеңінде бақ сынамақ.

Екінші орынды Ақсуат ауданынан келген Төлеуғазиновтар отбасы қанжығасына байлап, 300 мың теңгеге ие болды. Жүлделі үшінші орын Курчатов қаласынан қатысқан Қайрат жанұясы мен Семей қаласының Шапатовтар отбасына табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button