Абай облысыБілімҚоғамТОП

Абай облысы Бородулиха ауданында мектептер жаңа оқу маусымына дайын

Бүгінгі таңда Бородулиха ауданының 13 білім ошағында құрылыс жұмыстары аяқталды. Жалпы, 16 білім ордасында жөндеу жұмыстары жоспарланған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда аудандағы 13 мектепте жөндеу жұмыстары аяқталды:

  • «Абай атындағы негізгі орта мектеп» КММ ғимаратының шатырын жөндеу;
    • «Сахновка негізгі орта мектебі» КММ терезелерін жөндеу;
    • «Жезкент кентінің мектеп лицейі» КММ терезелерін жөндеу;
    • «Боровлянка негізгі орта мектебі» ғимаратының шатыры мен терезелерін жөндеу;
    • «Краснояр орта мектебі» КММ шатырын ауыстыру;
    • «Орловка мектебі» КММ шатырын жөндеу;
    • «Переменовка орта мектебі» КММ қазандығын жөндеу;
    • «Камышенка орта мектебі» КММ жылыту жүйесін жөндеу;
    • «Шелехов орта мектебі» КММ қазандығының шатырын жөндеу;
    • «Төлеубай Аманов атындағы орта мектеп» КММ еденін ауыстыру;
    • «Әлихан Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ ғимаратын жөндеу;
    • «Успенка негізгі орта мектебі» КММ ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, аудандағы Жезкент, Абай, Жерновский орта мектебінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Оқу жылы басталғанға дейін барлық білім ордасы пайдалануға беріледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button