Абай облысыҚоғамСемейТОП
25 тамызда Семейде терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
2023 жылдың 25 тамызында Семей қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оқу-жаттығу барысында террористік тұрғыдан осал объектілердегі ахуалды дамытудың түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталуда.
Осы мақсатта автокөлік қозғалысы мен басқа да жағдайларға шектеу шаралары қарастырылған.
Абай облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабы Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан осы іс-шараға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрайды.
Semeynews.kz