Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Семейде букмекерлік кеңсе атын жамылған құмар ойыны бизнесінің жұмысы тоқтатылды

Семейде «букмекерлік кеңсе» атын жамылған заңсыз ойын бизнесінің жұмысы тоқтатылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Sport Bar» атауымен «букмекерлік кеңсе» атын жамылған заңсыз ойын бизнесі қызметін ҚМА Абай облысы бойынша Департаменті облыстық прокуратураның үйлестіруімен тоқтатты.

«STOP Ойын» шарасы аясында облыстық полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасағымен бірлесіп, Семей қаласында екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленіп алынды.

Бір топ тұлғалардың алдын ала келісімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды» делінген хабарламада.
Айта кету керек, ҚР «Ойын бизнесі» туралы Заңына сәйкес бәс тігуді немесе жүлде беруді қолма-қол ақшамен іске асыратын букмекерлік кеңселер мен лотереялардың кассалары тек қана Алматы облысының Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысының Бурабай курорттық аймағында орналастырылуы тиіс.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button