Бүгін қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов ең алдымен кент белсенділерімен жүздесіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Жиынға барлық мекеме, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кент тұрғындары алдында есеп берген Нұрбол Төлегенұлы қала тұрғындарың алаңдататын ең өзекті мәселелерге де тоқталды. Көбінесе тұрғындар қоғамдық көлік, ТКШ жұмысына шағымданады және әлеуметтік мәселелер бойынша жүгінді.
Кездесу барысында қала әкімі көтерілген мәселелердің барлығы да өзекті екенін, бәрі де ретімен жүзеге асатынын, жиында айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша хаттама түзілгенін, алдағы уақытта жоспар түзіліп, ол бойынша атқарылған жұмыстар әлеуметтік желілерде жарияланатынын түсіндіріп, жиынды қорытындылады.
Semeynews.kz