Мемлекет басшысы БРИКС саммитінде азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін көтерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Осы жағдайға байланысты азық-түлік қауіпсіздігі де жаһандық күн тәртібінде айрықша маңызға ие бола бастады. Бүгінде әлемдегі азық-түлік өндіруші төрт ірі елдің үшеуі – БРИКС мүшелері. Ал БРИКС елдерінің ауыл шаруашылығы саласындағы ЖІӨ жиынтық мөлшері әлемдік көрсеткіштің жартысынан асады. Елдеріміз арасындағы азық-түлік теңгерімсіздігін азайту үшін тиісті шаралар қабылдауымыз қажет. Біз әлемдегі азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізу ісіне саясатты араластырмай, оларды кез келген санкция мен шектеулер ықпалынан босатуымыз керек», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, Оңтүстік Африка Республикасы төрағалығы аясындағы «БРИКС және Африка» ұранына сай, Қазақстан да БРИКС елдерімен және Африка одағымен көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылады.
«Қазақстан қатысушы мемлекет ретінде БРИКС әлеуетін арттыруға үлес қосқысы келеді. Мен жаһандық қауіпсіздікті, орнықты дамуды және инклюзивтілікті қамтамасыз етуге бағытталған ұжымдық күш-жігерді арттыру қажет екеніне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.
Semeynews.kz