Абай облысыҚоғамҚылмысОқиғаТОП

Абай облысының Көкпекті ауданында мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Көкпекті ауданында жаяк жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылғы 5 тамызда сағат 19:30 шамасында Зайсан көлінің жағасындағы Тассай ауылдық округінің “Береговой” учаскесінде белгісіз адамның мәйіті табылған.

Полицейлер 30 жастағы жүргізушіні ізін суытпай анықтады, ол мас күйінде “SUBARU LEGACY” маркалы автокөлік құралының тізгіндеген. Көлікті басқарып 32 жастағы жаяу  жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 32 жастағы жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасы болған жерде қайтыс болды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша (“Абайсызда өлімге әкеп соқтырған, Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда бұзуы”) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button