Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде «Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» форумы өтті

Cемей қаласында бірінші рет «Жаңа Қазақстан – белсенді азаматтық қоғамы бар тиімді мемлекет» атты Абай облысының өңірлік Азаматтық форумы өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Азаматтық форумға қатысушылар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен жастар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті, жан –жақтан келген қонақтар Форумның пленарлық отырысын өткізді.

Кездесу барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, қала және аудан әкімдіктерінің қызметкерлері, еріктілер мен қоғам белсенділері өзекті мәселелерді шешудегі азаматтық қоғамның рөлін талқылап, өңірдегі үздік үкіметтік емес ұйымдар марапатталды.

Азаматтық қоғамның маңыздылығын Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков өзінің құттықтау сөзінде атап өтті.

  • Азаматтық форум – белсенді азаматтардың, сарапшылардың, қоғамдық пікір көшбасшылары мен әр сала өкілдерінің бір ортаға тоғысып, қоғамдық мәселелердің жауабын іздейтін алаңы. Бүгін білім, пікір, тәжірибе алмасу арқылы өзекті мәселелердің шешімін табатынымызға сенімдімін, – деді Шалқар Байбеков.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет азаматтық қоғам мен қоғамдық-саяси саладағы азаматтық институтты дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

  • Парламент Сенатында қоғамдық мониторингтеудің қосымша құралы ретінде азаматтық қоғамның барлық функцияларын егжей-тегжейлі көрсететін «Қоғамдық бақылау туралы» жаңа заң қарастырылуда. Осы заң шеңберінде барлық мемлекеттік органдарда ресми онлайн-петициялар институты іске қосылады. Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеу жұмыстары оңай болмақ, – деді комитет төрағасы.

Волонтерлік қозғалыс жетекшісі Павел Евгения жоғалған адамдарды іздеудегі тұрақты жұмысы туралы айтса, аутизм спектрінің аурулары бар ерекше балалармен жұмыс істеу тәжірибесімен “Ерекше әлем” қоғамдық қорының басшысы Арайлым Әлімжанова бөлісті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button