Абай облысында мас жүргізуші жол көлік оқиғасына түсті

Абай облысы Көкпекті ауданының орталығында мас жүргізуші жол көлік оқиғасына түсті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 тамызда Көкпекті ауданының орталығында Әуезов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды.
“Оқиға орнына келген полицейлер ауданның 52 жастағы тұрғыны “Nissan Patrol” маркалы көлік құралын мас күйінде басқара отырып, рульді басқара алмай қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, нәтижесінде қарсы бағытта келе жатқан 61 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы “LADA Granta” көлігімен соқтығысқан. Соққыдан “Nissan Patrol” көлігі кюветке құлады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ”, – делінген полиция хабарламасында.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 3-бөлігі және 610-бабының 1-бөлігі бойынша 2 әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші 7 жасқа дейін басқару құқығынан айырылады.
Semeynews.kz