Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысының Жарма ауданында мас жүргізуші ұсталды

Жарма ауданының Шар қаласында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың 21 тамызы күні сағат 23:30-да Жарма ауданының полицейлері Шар қаласында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өткізу барысында жергілікті тұрғынның басқаруындағы «ВАЗ-2107» автокөлігін тоқтатты.

Жүргізушінің баласы қасында болған.

Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушісі «Орта дәрежелі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Әкесі өзінің әрекетімен баланың өміріне қауіп төндіріп, жол көлік оқиғасына себепкер болу қаупі туындаған.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6- бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл баптың санкциясы жүргізушіні он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button