Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде қоғамдық орындарда қараусыз жайылған жануарлар арнайы орындарға жөнелтілді

Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен арнайы комиссия құрылып, иесіз малдарды қамайтын алаңдар менжылқыларды тиейтін арнайы көліктер дайындалған болатын, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен әкімдік мамандары бірлесіп Бейбітшілік аралынан 4 жылқыны құрықтап, оны арнайы орындарға жеткізді.

Жергілікті полиция бөлімі басшысы Елдос Оразалиннің мәліметінше, қоғамдық орындарды иесіз жайылған жылқылардың иелері табылғанша арнайы орындарда болады. Мал иелеріне анықталғаннан кейін КРКобАП, АП туралы ҒЗК-нің 147-бабы бойынша хаттама толтырылады.

Семей қаласының әкімдігі семейліктерден, мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындардан, сиыр мен жылқыларды мәдени-демалыс орындарында (әсіресе туристер қызығушылық танытатын Бейбітшілік аралы ауданында) қараусыз жібермей, оларды арнайы немесе белгіленген аймақтарда жаюды сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button