Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Жарма ауданында көлік инфрақұрылымы дамып келеді

Жарма ауданының Қалбатау ауылында көлік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жарма ауданының төрт елді мекенінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа орташа жөндеу жұмыстары іске асырылып отыр.

«Омбы-Майқапшағай» республикалық маңызы бар жолын қайта жаңғыртып жатқан «Синьсин» халықаралық құрылыс компаниясы әлеуметтік ынтымақтастық меморандумы аясында Қалбатау ауылындағы жалпы ұзындығы 7 шақырымды құрайтын Абай және Қабанбай көшесіне асфальт төсеп жатыр.

Жол жөндеу жұмыстарына 9 жүк тасығыш көлік, 2 үлкен асфальт төсегіш, фрезерлеу техникасы жұмылдырылған.

Сондай-ақ, «Нұрлы жол-KZ» ЖШС мердігер ұйымы Қаражал және Бірлік ауылында аудандық маңызы бар 9,4 шақырым автомобиль жолына орташа  жөндеу жұмыстарын жасап жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button