Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Абай облысы Көкпекті ауданында астық жинау науқаны басталды

Ауданда алдын ала орташа өнімділік гектарына 12 центнерді құрады. Бүгінде Көкпекті ауданының егіс алқаптарынан арпа және сұлының 35%-ы жиналды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биыл егістіктің құнарлылығын арттыру үшін 657,3 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. 2023 жылы барлық дақылдардың тұқым қажеттілігі 6068 тоннаны құрады, оның ішінде: дәнді дақылдар – 3815 тонна, майлы дақылдар – 2253 тонна.

Осы жылы Көкпекті ауданы көлемінде шаруашылықтарға күзгі дала жұмыстарына 2700 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Еске салсақ, ауданның әкімшілік шекарасы 909936,0 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 561027,1 га, елді мекен аймақтары – 129984,0 га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған өзге де жерлер – 1705,6 га.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button