Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

Семей қаласында жоспарланған аула аумақтарын уақытында аяқтау мақсатында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын құрылыс жүріп жатқан аумақтарды тексеріп, жұмыс барысын қадағалауда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгін қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларымен Аймауытов 180, Шәкәрім 86, Глинки 30-32, Түріксіб 51-53, Қостанай 1б, Би Боранбай 45а тұрғын үй аулаларындағы жүріп жатқан жұмыстарды тексерді.

“Аула аумақтарын абаттандырумен қатар, тазалық шараларын да қатаң қадағалау керек. Ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Ағымдағы жылы 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары көзделген. Қалада бірнеше тұрғын үй аулаларында құрылыс қарқыны бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, футбол алаңдары мен қоршаулар орнатылған. Жақын уақытта бірнеше аула тұрғындардың игілігіне берілетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button