Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысы әкімінің орынбасары жылыту маусымына дайындықты тексерді

Өңір басшысының орынбасары Димитрий Гариков жылу орталықтарына барып, алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Димитрий Гариков арнайы «Центр» және «Ғаббасов» қазандықтарын аралап, жылу желін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ,  ЦТП-9, «Центр», ЦТП-518, ЦТП-457, ЦТП-401 учаскелерін, Ұранхаев көшесіндегі ТК-1-ден Мәңгілік Ел көшесі бойындағы УТ-164/2 дейін,  Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі жылу магистралын, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі жылу желісіндегі жұмыстарды жіті тексерді.

Сонымен қатар, Димитрий Гариков Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістікті қалпына келтіру жұмыстарымен, Мәңгілік Ел көшесін қайта жаңғырту барысымен танысты.

Бүгінде жылыту маусымына дайындық жұмыстары қатаң бақылауға алынып, жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button