Абай облысыҚоғамТОП
Абай облысында грант иегерлерінің тізімі бекітілді

Aбай облысы әкімдігінің қаулысымен 2023-2027 оқу жылына арналған әкім гранты иегерлерінің тізімі бекітілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Білім гранты педагогикалық, экономикалық, техникалық, құрылыс, медициналық, ауылшаруашылық және IT мамандықтарына бөлінсе, теолог, дефектолог мамандықтарына қосымша 10 грант бөлінді.
Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін abay-abiturient.kz сайтынан көре аласыздар.
Естеріңізге салсақ, өтініштер 2023 жылдың 5-18 тамызы аралығында қабылданды.
Semeynews.kz