Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Бородулиха ауданында жолдар жөнделіп жатыр

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2023 жылы Бородулиха ауданының бірнеше елді мекенінде республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жолдардың жалпы ұзындығы 29 км құрайды.

Жақын арада бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 2 740 м болатын Андреевка ауылдық округінің Михайличенково ауылының Школьная, Молодежная, Гагарина көшелерін орташа жөндеу жұмыстары аяқталады.

Сондай-ақ, «Azimut Stroy» ЖШС мердігерлік ұйымының іске асырумен Михайличенково ауылында жаңа балалар ойын алаңының іргетасы құйылды, қоршау мен 10 шағын архитектуралық нысан орнату, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін қою көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button