Абай облысыҚоғамҚұрылысТОП

Мақаншы ауылында жаңа балабақшаның құрылысы басталды

«Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында 140 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Балабақшада 6 топ оқи алады: кіші және орта жастағы балаларға арналған 2 топ, әрқайсысының сыйымдылығы 22 орын, үлкен балаларға арналған 2 топ әрқайсысының сыйымдылығы 24 орынды.

Балабақшаның жалпы көлемі 57,1 х 15, 2 метр. Бұл жоба ауыл балаларына сапалы білім беруге қолайлы жағдай жасауға септігін тизеді.

Мақаншы ауылы аудан орталығынан 41 шақырым жерде орналасқан. Ауылда 12 892 адам тұрады. Ауылдық округте жалпы саны 1 жекеменшік, 2 мектеп ішіндегі балабақша жұмыс істейді. Қазіргі таңда елді мекенде 2-6 жас аралығындағы 458 бала балабақша кезегінде тұр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button