Абай облысыТОП

Облыс әкімі Абай ауданы тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады

Әкім қабылдауына 30-ға жуық аудан азамат жазылды. Тұрғындар денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына қатысты сауалдарын қойды.

Аудан тұрғындарының басым бөлігі тұрғын үйге қатысты мәселені көтерді. Облыс әкімі Абай ауданында биыл 2 пәтерлі 21 тұрғын үйге, жиыны 42 пәтерге құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.

Қабылдау барысында Абай ауданында ауыл шаруашылығы бағытында өз кәсібін ашқысы келетіндердің қатары қалың болды. Азаматтар бизнес жобаларға берілетін грант мәселесін көтеріп,  көпшілігі жылыжай ашу, қымыз өндірісін дамыту және т.б. жобаларды ұсынды.

Облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев жеке қабылдауда азаматтардың көтерген барлық мәселелерін жедел шешу қажеттігін атап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button