Абай облысыТОП

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті

18 тамызда Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысы өтті.

Отырысқа қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Отырыс барысында жанар-жағармай құю және автогаз құю стансаларында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселелері талқыланды

Сонымен қатар, отырыста тағы бір маңызды мәселе – 2023-2024 жж. жылыту маусымында тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға ерекше назар аударылды.

Отырыс нәтижесінде комиссия төрағасы 2023-2024 жж. жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы алдын алу, сондай-ақ жанар-жағармай және автогаз құю стансаларында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button