СемейТОП

Нұрлан Ұранхаев Водный кентінің тұрғындарымен кездесті

Өңір басшысы Водный кенті тұрғындарын толғандырған мәселелерімен танысу үшін кезекті кездесуін өткізді. Жиында сумен қамту, аялдамалар мен балалар ойын алаңдарын орнату, қоғамдық көлік пен санитарлық жағдайға қатысты мәселелер талқыға салынды. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар кентте су құбырларын тарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Күн сайын Водный кентінде халық саны артып келеді, бірақ ауыл аумағында тек 1 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Осыған орай, биыл 600 орындық жаңа мектептің құрылысы басталды. Жиын барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев ауыл шаруашылығы басқармасына, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдеріне кент аумағында халықтың айтқан арыздарына сәйкес тиісті тексеру жүргізуді тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button