ҚазақстанМәдениетТОП

Елбасы “МузАРТ” тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 21 мамырда еліміздің Мəдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік іс-шара өтіп, мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова “МузАРТ” ансамблін 20 жылдығымен құттықтап, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыстады.

“Сіздерді 20 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын!

Табиғи талант пен талғамның, табанды ізденіс пен еңбектің арқасында көпшілік сүйіп тыңдайтын, кеңінен танымал ансамбльге, күллі жұрттың көзайымына айналу – зор жетістік. Алдағы уақытта да өнерлеріңіз өрістей берсін.

Мықты денсаулық, шығармашылық жаңа табыстар тілеймін!”, – деп жазылған Елбасының құттықтау хатында.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button