Абай облысы

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕГІ – ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ!

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен құрылтайда еліміздегі күрделі, көптің көкейінде жүрген мәселелер талқыланып, қоғамдық ұйым өкілдері, ғалымдар, зиялы қауым, мемлекеттік мекемелердің өкілдері өз ойларын ортаға салып сараптамалық сұхбат болды.
Бұндай келелі кеңес еліміздің тарихында бар,сол жақсы үрдіс тұрақты жалғасып жатқандығы қуантады.

– Ұлттық құрылтай – халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым. Мен былтыр наурыздағы Жолдауымда осы құрылтайды шақыру туралы бастама көтердім. Бұл қадам қоғамдық диалогты нығайта түсу үшін жасалды. Сондай-ақ мұнда ұлттың болашағына ықпал ететін елдік мәселелер сарапталды,- деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алқалы жиын еліміздің береке бірлігін арттырып, қоғамның топтасуына нақты шешімдерді іске асыруға арналды. Ұлттық құрылтай мүшелері азаматтық қоғамды дамытып, этносаралық бірлікті нығайтуға баса көңіл бөлді деген пікірде тарих ғылымдарының кандидаты Аман Рахметуллин.

– Былтыр Ұлытаудан бастау алып, биыл Түркістан төрінде жалғасын тапқан Ұлттық құрылтай ұлтымызды ұйыстыра түсетін салмақты салтқа айналып келеді. Ұлттық құрылтай мүшелері отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа контентті дамытуды қолдау, сондай-ақ олардың қоғамдық бірлікті нығайту құндылықтарын ілгерілетудегі рөлі туралы ұсыныстарымен бөлісті,- дейді сарапшы Аман Рахметуллин.

Қоғамдағы өте өзекті мәселе ақпараттық саясаттың дамуы мен құндылығы туралы да осы алқалы кеңесте талқыланды.Себебі еліміздің қауіпсіздігімен байланысты сала әрқашан әділ шешімдерді қабылдауды қажет етеді.

-Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет,-деді Мемлекет басшысы.

Мемлекетімізде атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізуде БАҚ өкілдерінің орны ерекше. Ақпарат саласының өкілдерінің ақпаратына байланысты қоғамының дамуы анықталады.

-Отандық БАҚ-тың, журналистер қауымының қоғамдағы береке-бірлікті бекемдей түсудегі маңызы туралы Президентіміз кейінгі жылдары жиі айтып келеді. Демек, құрылтайда қаралған тақырып қажетті, әрі өзекті. Қазақтың қасиетті жерлерінде өткізіліп келе жатқан құрылтай шақыру дәстүрінің қайта жаңғыртылуы ұлтымыз үшін ұлы мұраттарды айқындауға септесетініне тағы көзіміз жетті бұл жолы,- дейді қоғам белсендісі.

Ел тәуелсіздігіні бір тірегі ол ақпараттық қауіпсіздік. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, қоғам сұранысымен және елдік бағытта ұйымдастырылуы өте маңызды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button