Абай облысында жол апатынан бір адам мерт болды
Абай облысының Үржар ауданында автобус пен жол талғамайтын көлік соқтығысты, джип көлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша,.2023 жылғы 14 тамызда сағат 05-38-де Үржар ауылының 10-ӨСБ пультіне «автокөліктер (автобус және джип) соқтығысты. Джип көлігі өртеніп жатыр» деген хабарлама келіп түскен.
Қызметкерлер келгенде, Toyota Land Cruiser көлігімен және Семей-Мақаншы бағыты бойынша жүретін VANHOOL жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысу салдарынан қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, панелі, шиналары, Toyota Land Cruiser автокөлігінің салоны, аспаптар панелі, VAN Hool жолаушылар автобусының алдыңғы дөңгелектері өртке оранған, өрттің жалпы ауданы – 24 шаршы метрді құраған.
Сөндіру барысында Toyota Land Cruiser көлігінде өмір белгілері жоқ күйген дене табылды, жеке тұлғасы анықталуда. Автобус жүргізушісі Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, сонымен қатар автобустың бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді (тексеруден кейін үйіне жіберілді). Азаматтық қорғау қызметкерлері келгенге дейін 27 жолаушы өздігінен эвакуацияланды.
Semeynews.kz