Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы Бесқарағай ауданында жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде

Аудан әкімдігімен әлеуметтік ғимараттардың жылыту маусымында тұрақты жұмыс істеуі үшін іс-шаралар жоспары бекітілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудан көлемінде жылыту маусымына 25 мың тоннадан астам көмір және әлеуметтік маңызы бар 44 нысанды дайындау қажет.

Бесқарағай ауданы аумағында 21 орта мектеп болса, оның 13-і қатты отынмен, 1-і сұйық отынмен, тағы 7-і электр қуатымен жылытылады. Жылыту маусымы алдында бірнеше мектеп жөндеуден өтті. Бұл мақсатта 57,2 млн теңге қаражат қарастырылып, сұйық отынға 9,1 млн теңге бөлінді. Бүгінде 16 білім беру нысаны жылу маусымына дайын.

Ауданда орналасқан 18 денсаулық сақтау нысанының 13-і жылумен қамтамасыз етілген.

Мәдениет нысандары алдағы жылу беру кезеңіне 75 %-ға дайын. Қара-Мырза, Қарағайлы ауылдық клубтарының және аудандық мәдениет үйініңн қазандықтары жөнделді. Канонерка ауылдық клубында ғимараттың шатырына күрделі жөндеу жасап, 30 тамызда дейін аяқтау жоспарланған.

Еске салсақ, ауданда орталықтандырылған жылу жүйесі жоқ, тұрғын үйлер пешпен жылытылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button