ШҚОКриминалТОП

ШҚО-да зейнеткерлерден металл бұйымдары ұрланды

Шығыс Қазақстан облысындағы екі зейнеткерден 100 келіден артық металл ұрланды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірінші оқиға Семей қаласында орын алған. 66 жастағы зейнеткер бейтаныс тұлғалар оның ауласына кіріп темір заттарды (металл құбырлардың, бұрыштардың, түрлі металдардың кесінділері) ұрлап кеткеніне арызданған. Ұрланғанның жалпы салмағы шамамен 100 келі. Шығын – 100 мың теңге.

Полиция қызметкерлерімен 54 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, өз кінәсін мойындады және ұрланғанды қайтарды.

Осы уақытта Өскемен қаласында 70 жастағы зейнеткердің ауласындағы екі шойыннан жасалған жылыту батареялары жоғалған. Жәбірленуші шығынды 10 мың теңгеге бағалады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 29 және 32 жастағы екі жергілікті тұрғын анықталды және ұсталды. Жәбірленушіге жоғалған заттары қайтарылды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button