Абай облысыҚоғамТОП

Әскерилер «Шығыс» полигонында тәжірибе алмасты

Қазақстан Қарулы Күштерінің  радицациялық биологиялық барлау бөлімдері «Шығыс»  түраралық  полигонында өзара тәжірибе алмасты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметінің хабарлауынша, айтулы шараға екі жүзден астам әскери қызметші қатысты. Жауынгерлер арнайы сабақтар негізінде әскерлердің жүру жолын радиациялық биологиялық барлау және залалды нысаннан келген әскери техника мен жеке құрамды санитарлық және арнайы өңдеу жаттығуларын пысықтады.  Сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар нысандарды бүркемеледі. Тәжірибелік сабақта  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 11098 әскери бөлімі ерекше көзге түсіп, әрбір жаттығуды бұлжытпай орындау барысында шапшаң қимылдап, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейін көрсетті. Шарада сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің  радиациялық химиялық және биологиялық қорғаныс бөлімшелері де төбе танытты.

– Полигондық тәжірибе алмасудың негізі мақсаты – далалық машықтану деңгейін қалыптастыру, сондай-ақ жеке дағдыларды жетілдіру болып табылады. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғауды ұйымдастырудағы теориялық білімнің далалық жағдайда тигізер септігі зор, – дейді. «Шығыс» өңірлік әскерлері қолбасшылығының 11098 әскери бөлімінің  рота командирі аға лейтенант Сұлтанбек Сәуленов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button