Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

«Семей-Бөрілі» және «Семей-Жидебай» ультрамарафоны мәресіне жетті

10 тамыз – Абай күніне орай Семейде ультрамарафон ұйымдастырылып, марафонға еліміздің әр өңірінен жеңіл атлетика әуесқойлары жиналды. Отандық спорт тарихында алғаш рет жүгірушілер «Семей-Бөрілі» және «Семей-Жидебай» арасындағы марафондық қашықтықты еңсерді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында еліміздің Республикалық спорт бірлестігінің төрағасы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Рамазан Саттарұлы баяндады.

  • Ультрамарафон 9 тамызда Семей қаласындағы «ABAI» халықаралық әуежайының алаңынан басталып, 10 тамызда Жидебай шатқалындағы Абай Құнанбаев мұражай – үйінің жанында аяқталды. Марафоншылар 12 сағат ішінде 50 миль/ 80 шақырым қашықтықты және 24 сағат ішінде 100 миль / 160 шақырымды басып өтті. Жарысқа қатысуға әр аймақтан 100-ден астам жүгірушіден өтініш түскен болатын. Бірақ, Қытай мен Ресейден және елімізден 20 жүгірушіге ғана мүмкіндік берілді. Әр қатысушы мүмкіндіктерді, спорттық әдеттерді ескере отырып, қашықтықты таңдап, төзімділік пен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Барлық жүгірушілердің тәжірибесі бар, олар әуесқойлар үшін ұйымдастырылған бірнеше рет жарысқа қатысқан, – деп атап өтті Рамазан Салықжанов.

Жеңімпаздарға берілетін жүлде қоры 2 миллион 640 мың теңгені құраған. Мәреге бірінші болып, 50 миль/80 шақырым қашықтықта Асқар Жаңабергенов жетті. Оның уақыт көрсеткіші 6 сағат 23 минут. Сондай-ақ бұл арақашықтықта екінші болып 6 сағат 34 минуттың нәтижесімен Манат Амет аяқтаса, көшбасшылар үштігін 7 сағат 46 минут Еркебұлан Ахмадиев қорытындылады.

«Семей-Жидебай» 100 миль/160 шақырым қашықтықты 15 сағат 32 минутта бағындырып, үздік нәтиже көрсеткен Аман Нұркелді 500 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Бұл қашықтықтағы екінші орынды Әсет Төлтебаев, үшінші орынды Әкім Еркебай иеленді.

Ауқымды спорттық жарыс аяқталғаннан кейін барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға іс-шараның демеушілері белгілеген марапаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен «Абай жолы 100 миль» марафонын ғалым және кәсіби спортшы Рамазан Салықжановтың жетекшілігімен «El Sport» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button