Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жалпы сомасы 8 098,2 млн теңгеге жылу желілері мен жылу көздерін жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқталуы жоспарланған жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды.

Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты 100 Гкал/сағ астам 4 ірі жылу көздерімен (ЖЭО – 1, ҚР-1, Семей қаласындағы «Оорталық» қазандығы және Бородулиха ауданы Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты 100 Гкал/сағ кем 40 жылу көздерімен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) Бородулиха ауданы – 6, Абай-2, Аягөз – 5, Жарма – 2, Үржар – 2 және Курчатов қаласы – 4) қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, облыс бойынша бюджеттік ұйымдарды жылумен жабдықтауды 273 дербес қазандық қамтамасыз етеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button