Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП
Семей тұрғынынан интимдік фото үшін миллион теңге бопсалаған азамат ұсталды
Интимдік фотосы үшін семейлік тұрғыннан бір миллион теңге бопсалаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген.
Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді.
Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы “Бопсалау” бойынша сараланады.
Semeynews.kz