Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысында ауылды мекендерде жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылады

Бесқарағай ауданы Бөкебай ауылында жолдарды жөндеу қарқынды жүріп жатыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 43 млн теңге қаражат бөлінген.

Жүргізіліп жатқан жұмыстармен аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмас Тастенбеков танысып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті тапсырмалар берді.

Алмас Тастенбековтың айтуынша, жұмыстар «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Ауданда үш ауылда жөнделген жол шамамен үш шақырымды құрайды. Келер жылы басқа елді мекендердегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр.

Айта кетсек, «Ауыл – ел бесігі» жалпыұлттық жобасы аясында Жыланды, Қарабас, Өндіріс ауылдарының кіреберіс жолдарын орташа жөндеуге 251,8 миллион теңге бөлінген. Жақында Бесқарағай ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары басталады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button