Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы университет меморандумға қол қойды

Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев және Абай облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Мақсат Өмірханов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Темирбекова Жанар Амангелдіқызымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жоғарғы оқу орнының басшылығы Абай облысының өкілдерін ерекше ықыласпен қарсы алып, ел руханияты үшін айрықша саналатын айтулы күнде университетімізге ат басын бұрғандықтары үшін алғыс білдірді.

Кездесу барысында қос тарап университет пен басқарма арасында дін саласындағы саясатты жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының «Діни кызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button