Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жолаушылар автобусы модульді полиция бекетіне соғылды

Семейде жолаушылар автобусы полиция бекетіне соғылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 тамызда, күндіз Dong Fang маршруттық автобусының 58 жастағы жүргізушісі Қ.Мұхамедханов көшесімен келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Көлік алдымен, жол белгісіне, одан кейін модульдік полиция бекетіне соғылған.

«Осы кезде екі полиция қызметкері модульдік пунктте қызмет атқарып отырған еді. Зардап шеккендер жоқ.

Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген мәліметте.

photo

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button