Абай облысыҚоғамТОП

Бахты ауылында 3,8 шақырым жол жөнделеді

2023 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Абай облысы Үржар ауданы Бахты ауылының көшелеріне орташа жөндеу жасауға қаржы бөлінді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жоба бойынша жалпы ұзындығы 3815 м болатын 4 көшені асфальттау қарастырылған. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуға жақын.

Үржар ауданы облыстың ең ірі аудандарының бірі болып табылады, оған 27 ауылдық округ, 53 елді мекен кіреді.

Оның ішінде Бахты ауылдық округі – көршілес ҚХР-мен шекаралас, Кедендік бақылау нысаны орналасқан стратегиялық елді мекен. Бүгінде ауылдық округте 2 500-ге жуық тұрғын тұрады. Республикалық маңызы бар жол бойында орналасқан ауылда шағын және орта кәсіпкерлік саласы тұрақты өсіп келеді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жалғаса береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button