Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы Аягөз ауданы халқының 90%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген

Абай облысының Аягөз ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 79,5 шақырымдық су құбыры желісі салынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аягөз ауданы бойынша 50 елді мекеннің 45-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл халықтың 90% құрайды (елді мекендерде 30 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген).

Қазіргі уақытта қаланы толығымен орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету үшін «Аягөз қаласында су құбыры желісінің құрылысы» жобасы басталды.

Осы жоба аясында бүгінде Аягөз қаласының 14 көшесіне 27,4 км су құбырының құрылысы жаңартылып жатыр.

Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылдың 31 қарашасына жоспарланған.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижелеріне сәйкес жұмыстарды «Нұрлы жол – KZ» ЖШС – «СМУ ШЫҒЫС» ЖШС мердігері жүргізеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button