Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы әкімінің орынбасары Аягөз және Үржар аудандарындағы жөндеу жұмыстарын тексерді

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков аудандарға жұмыс сапарымен барды. Аягөз ауданына сапары барысында өңір басшысының орынбасары бірнеше нысандағы құрылыс-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Атап айтқанда, аймақ басшысының орынбасары «Новая» қазандығының құрылысымен және Әуезов көшесіндегі қайта жөндеу жұмыстарымен танысты.

Осы ретте Димитрий Гариков №1, №4 мектептер мен Шынқожа батыр атындағы орта мектепте жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Абай облысы әкімінің орынбасары Үржардағы балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі үшін салынып жатқан қосымша екі қабатты ғимараттың құрылысымен, Көктерек ауылындағы орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Қабанбай ауылындағы амбулатория ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын көріп қайтты.

Мердігер компания «Градстройсервис» ЖШС-не қарасты Аягөз ауданындағы абаттандыру жұмыстары мен Үржар ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылыс-жөндеу жұмыстары баяу жүргізілуде.

Димитрий Гариков мердігерлерге жұмысты тездетуді және құрылыс-жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ, мердігерлерге алдағы уақытта арнайы тексеру жүргізілетіні ескертті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button