Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының Ақтоғай кентінде автожолдар жөнделіп жатыр

Абай облысы Аягөз ауданы Ақтоғай кентінің автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ақтоғай кенті аудан орталығынан 280 шақырым қашықтықта орналасқан. Бүгінде кент тұрғындарының саны – 5 942 адам.

Ақтоғай кенті қызметінің негізгі бағыты өндірістік, себебі онда «KAZ Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тау-кен байыту комбинаты орналасқан.

Ақтоғай кентінде инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл тұрғындарына қолайлы өмiр сүру ортасын қалыптастыру мақсатында, кенттің ішкі 3,4 км жолдарына жөндеу жасалып жатыр. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу байқауының нәтижесіне сәйкес мердігер «Нұрлы жол-KZ» ЖШС жүргізуде.

Бүгінде асфальт төсеу жұмыстары кенттің А.Құнанбаев, Қабанбай, Ж.Жабаев көшелерінде жүргізіліп жатыр. Жоба құны: 233 млн тенге. Жұмыстың аяқталу мерзімі – 2023 жылдың тамызына дейін деп жоспарланып отыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button