Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы әкімінің орынбасары аймақтың жылыту маусымына дайындығын тексерді

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков энергетика және ТКШ басқармасымен, Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен және «Теплокоммунэнерго» МКК-мен бірлесіп 2023-2024 ж. жылыту маусымына дайындық мақсатында қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан объектілерді аралады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінде Семей қаласындағы маңызды жылу магистральдары мен жылумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Д.Гариков арнайы қаладағы: ЦТП-518, ЦТП 401, Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі магистральдық жылу желісі, «Орталық» қазандығын, ЖЭО-1-ден павильон – 4-ке дейін нысандарына барып, жұмыс барысын бақылады.

Әкім орынбасары мердігер компания басшыларына осы жылдың 15 қыркүйегіне жөндеу жұмыстарын аяқтау және бірқатар тапсырмалар берді. Айта кетсек, жылыту маусымына дайындық белгіленген жоспарларға сәйкес жүріп жатыр және облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button