Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Кеше Семей қаласының әкімдігінде шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов жауапты сала басшыларымен жиын өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда, «Қаражыра» АҚ мен «Теплокоммунэнерго» МКК арасында меморандум жасалды, оның аясында ағымдағы жылдың 15 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Дегелең станциясына 80 мың тонна көмір түсіру жоспарланған.

«Семейде жылыту маусымына дайындық барысында біздің кәсіпорын алдында бірқатар міндеттер тұр. Ең алдымен – Семей қаласының жылу көздерін тәулік бойы және тұрақты көмірмен қамтамасыз ету керекпіз, – деді «Қаражыра» АҚ өкілі Әсет Сыдықов.

Қазіргі таңда Семейде үш ұйым жұмыс істейді – «Жігер» ЖШС, оның екі қоймасы бар – Көкентау тас жолы мен Шығыс кентінде, 72 квартал аумағында «Семей Көмірі» серіктестігі және Қайнар колледжі аймағында «ВостокУгольПром» ЖШС.

«Қаражыра» АҚ өкілінің айтуынша, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі компанияға жергілікті кәсіпорындармен жыл сайынғы белгіленген баға бойынша келісімшарттар жасауға рұқсат берген.

«Қаражыра» АҚ мамандарының болжамы бойынша, 1 қазанға дейін көмір қоры 80 мың тоннаны құрайды.

«Жалпы, 10 күнге мемлекеттік стандарттар бойынша көмір қорын 26 мың тонна деп есептеу керек. Біз 80 мың тонна көмірді жинап жатырмыз, себебі қазан айында бастапқы жылыту маусымына дайын болуымыз қажет. Яғни, айына шамамен 70 мың тонна көмір керек болса, қосымша 26 тонна көмір болуы тиіс. Қазан айында жаңа көмір шығарылады», – деп атап өтті Әсет Сыдықов.

Қазіргі таңда қалада көмір мәселесін пысықтау үшін арнайы штабтар құрылып, оның құрамына Семей қаласының әкімі Нұрбол Төлегенұлы, «Қаражыра» АҚ, теміржолшылар, үш сауда қоймасының өкілдері, жол полициясы, Мемлекеттік кірістер комитеті, қала жұртшылығы, денсаулық сақтау, білім беру, ТКШ өкілдері кірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button