Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысы әкімінің орынбасары төтенше жағдайларды алдын алу бойынша жоспардан тыс отырыс өткізді

Өңір басшысының орынбасары Димитрий Гариков орман өрттінің алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осы жылдың 5 тамызында облыс әкімінің орынбасары Д. Гариков өрт кезеңінен өту мәселесі бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның жоспардан тыс отырысын өткізді.

Отырыста облыстық ТЖ Департаменті бастығының орынбасары Абай облысының азаматтық қорғау полковнигі А.Штыкель, «Семей Орманы» РММ бас директорының м. а. А. Нсамбекова және «Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ басшысы М. Елемесов тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде табиғи өрттермен күресу үшін ТЖД бөлімшелері мен орман мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, барлық қалалар мен аудандардың әкімдіктері мен орман мекемелеріне табиғи өрттердің алдын алу және олардың салдарын барынша азайту мақсатында алдын алу іс-шаралары кешенін жүргізу.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button