Абай облысыТОП

Абай облысының әкімі Курчатов қаласы тұрғындарын қабылдады

Тұрғындар көтерген мәселелердің қатарында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы мәселелер болды. Өңір басшысы азаматтардың жеке қабылдауында айтылған барлық мәселелерді барынша жедел шешу қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, Курчатов тұрғыны қаладағы бос үйлерді қалпына келтіру мәселесімен жүгінді. Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласы әкіміне келесі аптада әрбір үйге ұатысты нақты қорытынды беруді және қажет болған жағдайда мүдделі ведомстволарды жұмылдыруды тапсырды. Сондай-ақ, облыс басшысына мүмкіндігі шектеулі баласы бар ана баспана мәселесімен жүгінді. Пәтер жалдап тұратынын айтып, үй кезегімен пәтер беруде көмек сұрады. Бұдан бөлек, ол қалада ерекше балалары бар аналардың атынан оңалту орталығын ашуды сұрады. Нұрлан Ұранхаев бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Биыл «халықтың әлеуметтік осал топтары» санатымен кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін пәтер беру жоспарланғанын айтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button