Абай облысыТОП

Абай облысы әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

 Қабылдауда өңір тұрғындары ТКШ, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Азаматар әкіммен кездесуде көтерген ең өзекті мәселелерінің бірі инженерлік коммуникациялар, оның ішінде жолдар мәселесі болды. Водный кентінің тұрғыны жөндеусіз қалған жолдарға шағымданды, сонымен қатар Озерки ауылындағы мектеп пен медициналық амбулаторияға жөндеу қажеттігін айтты. Нұрлан Уранхаев алдағы аптада қала әкімімен бірлесіп ауылға арнайы барып, тұрғындардың мәселелерін қайта қарастыратынын атап өтті. Сонымен қатар, аймақ басшысына ұзақ уақыт бойы баспана құжаттарын шеше алмай жүрген Бородулиха ауданының тұрғындары жүгінді. Облыс әкімі отбасыға мәселені шешу үшін қажетті көмек көрсетілетінін атап өтіп, жауапты органдарға бұл сұрақты қайта қарауды тапсырды. Айта кету керек, әкімнің жеке қабылдауына келгендердің қатарында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары да болды. Олар өңір әкіміне колледждер жанынан мүмкіндігі шектеулі балалар кәсіпті игере алатын инклюзивті топтар ашуды сұрады. Бұл өтініш те қанағаттандырылып, 2023-24 жаңа оқу жылында екі колледжде ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған инклюзивті топ құрылады. Инклюзивті топқа түсу үшін талапкерге дәрігерден анықтама алуы қажет. Талапкерлер құжаттарды осы жылдың 20-шы тамызына дейін тапсыру керек.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button