Шар қаласында жүйелі жұмыстар жүріп жатыр
Шар қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырумен қатар қаланың тұрақты дамуы үшін жан-жақты жұмыстар жоспарланған. Бүгінде қаладағы Мәметова, Тәуелсіздік көшелері мен оңтүстік және солтүстік жол өткелдерінде жалпы ұзындығы 4 мың шаршы метрге асфальт төселді. Бұдан бөлек, Амангелді көшесінде орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 288 млн теңге бөлініп, қазір конкурстық рәсімдер өтіп жатыр.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Шар қаласында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан көп балалы отбасыларға арналған 5 екі пәтерлі үйдің құрылысы басталды. Бүгінде баспаналардың шатыры мен ішкі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Тұрғын үйлер орталықтандырылған су құбыры мен электр желісіне қосылады. Бұл баспаналарды халық игілігіне Конституция күніне орай беру жоспарланған.