Абай облысының әкімі Семей қаласындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді
Облыс орталығын абаттандыру мәселесі Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тікелей бақылауында. Өңір басшысы жөндеу жұмыстарының барысымен танысу үшін жүйелі түрде қалада жасалып жатқан нысандарды аралап тұрады. Облыс басшысы ұзындығы 179,5 м болатын ТК-1 және УТ-164/2 жылу желілерінің учаскесінде болды. Бұнда құрылыс-монтаждау жұмыстарына 4 бірлік техника мен 8 адам жұмылдырылған. Жөндеу жұмыстары 6 айда аяқталуы керек. Аймақ басшысы Би Боранбай көшесі, Физкультурная көшесінің бойындағы ұзындығы 0,4 шақырымды құрайтын ТК магистральдық жылу желісін қайта жаңарту жұмыстарының барысын да тексерді. Сараптама қорытындысы бойынша құрылыс мерзімі 4 айды құрайды. Бұл нысанда ұзындығы 50 м құбырлар алынып, 650 м сырты қайта оралды. Сорокин көшесінің бойындағы ұзындығы 3 915 м кварталішілік ЦТП-401жылу желілерін қайта жаңғырту қаладағы маңызды жобалардың бірі. Бүгінде жылу, суық сумен қамтамасыз ету, электр кабельдері үшін жабдықтар мен құбырларды ауыстыру жұмыстары аяқталды. Облыс әкімі мердігер компания мен жауапты басшыларға жұмыс қарқыны өте баяу жүріп жатқанын ескертті.
«Жаз әлі аяқталмады деп ойламаңыздар. Жылыту маусымы жақындап қалды. Әр күн санаулы. Жұмыстарды тезірек аяқтау қажет. Қыркүйек айына дейін барлық жұмыстар аяқталып, пәтерлер жылу желісіне қосылу керек», — деді Нұрлан Ұранхаев.
Сондай-ақ, облыс әкімі Шәкәрім даңғылы бойындағы, Народный және Әуезов көшелерінің бойындағы жерасты өткелінің қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Оның ішінде шатырдың металл конструкцияларын, жарықтандыру құрылғыларын, электр желілерін ауыстыру, қабырғаларды жөндеу және бояу, пандустар мен баспалдақтарды қалпына келтіру жұмыстары жүргіп жатыр. Жерасты өткелдерінде бейнебақылау камералары орнатылады. Жоспарға сәйкес қаладағы 4 жерасты өткеліне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіледі. Барлық жұмыстарды 2023 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, облыс әкімі Семей қаласының абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргіп жатқан аулаларды аралады. Биыл 70-ке жуық аула жөнделеді. Чехов 90 және Тельман 162 көшелерінде құрылыс жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқталуы керек. Аулаларға орындықтар, футбол алаңы, балалар ойын алаңы және шағын архитектуралық нысандардың барлық элементтері орнатылады. Аймақ басшысы «Пищевик» стадионында да болды. Бүгінде стадионның жағдайы қиын. Сыртқы қабырғалары түсіп, асфальт-бетон жабынына тозған, ғимарат сыртындағы бояуы кетіп, біраз жерлері опырылған. Облыс әкімі жасалып жатқан жұмыстардң барысын тексеріп, Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті тапсырмалар берді.